«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаровтың, Дания Еспаеваның және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар Спикердің ұсынысын қолдады.
Сонымен қатар Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды. Олардың төрағалары да бекітілді:
– Серік Егізбаев – Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті; – Үнзила Шапақ – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті; – Марат Қожаев – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті; – Әмірбек Оспанбеков – Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті; – Асхат Аймағамбетов – Әлеуметтік-мәдени даму комитеті; – Ольга Перепечина – Қаржы және бюджет комитеті; – Дархан Ахмедиев – Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті; – Наталья Годунова – Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетіне басшылық жасайтын болады.
