Қазақстан Үкіметі Сауд Арабиясымен әуе қатынасы туралы жаңа келісімге қол қойды,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
2026 жылғы 26 тамызда Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасында Әуе қатынасы туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Құжатқа қол қою азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны нығайтып, екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын дамытуға қосымша мүмкіндіктер туғызды, — делінген комитет берген хабарламада.
ААК айтуынша, бұл келісім екі ел арасындағы сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға, инвестициялар тартуға, сондай-ақ туристік және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде тараптар рұқсат етілген тұрақты рейстер санын аптасына 28-ден 70-ке дейін арттырды. Сондай-ақ келісім негізінде әуе тасымалдаушылары Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей тұрақты рейстерді ашуды және Сауд Арабиясының басқа қалаларымен де бағыттар санын көбейтуді жоспарлап отыр, — деп атап өтті комитет мамандары.
