Қолхат бердік: Базарбек өзі ұшыраған жол көлік оқиғасына қатысты жазба жариялады

Экс-депутат өзінің қатысуымен болған жол апатынан кейінгі қазіргі жағдайына қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Ол өз жазбасында қазіргі таңда полицияға жұбайы екеуі де қолхат бергендігін айтты.

Менің қатысуыммен болған жол-көлік оқиғасына қатысты көптеген болжамдар мен түрлі әңгімелерге жауап бере алмаймын және көп нәрсені жазуға да мүмкіндігім жоқ. Қозғалған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында мен және жұбайым сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етпеу туралы қолхат бердік,-деп жазды Б. Базарбек.

Оның айтуынша қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қазір қажетті сараптамалардың нәтиделері күтілуде.

Тергеп-тексеру органдары заң талаптарына сәйкес болған оқиғаның барлық мән-жайына объективті әрі әділ баға береді деп сенемін. Қазір мен үшін ең бастысы — зардап шеккен азаматтың өзіне, жақындары мен туыстарының қасында болып, оларға қажетті көмек көрсету. Біз бірнеше күн бойы іс жүзінде ұйықтамай, оның туған-туыстарымен бірге оның сауығып кетуін тілеп, дұға жасап отырмыз,-деп жазды ол.

Экс-мәжілісмен өз жазбасында медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Көрсетілген шұғыл медициналық көмек үшін аудандық аурухананың барлық дәрігерлеріне, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына, сол сияқты Жамбыл облысы әкімдігіне ерекше алғысымды білдіремін,-деді Базарбек.

Сондай-ақ әлеуметтік желілердегі өзіне қатысты түрлі әңгімелерге қатысты айта келіп, көпшілікті асығыс шешім қабылдамай,тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне сенуге шақырды.

Сонымен қатар, осы қиын күндерде алаңдап, қолдау көрсетіп жатқан барша жұртқа рахмет айтты.

Бұған дейін Бақытжан Базарбекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика