ҚазТАГ басшылары Матаев пен Қасеновке қатысты сот үкімі шықты

Алматы қаласы, Алмалы аудандық соты, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бұрынғы бас редакторы Әмір Қасенов пен агенттік құрылтайшысы Әсет Матаевқа қатысты үкім кезінде Рақымшылық туралы заңды қолданды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.  

Сот екі азамтақа да бірнеше жылға дейін журналистикамен айналысуға тыйым салды.

Бас редактор Әмір Қасеновке көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танып, бір жыл үш айға бас бостандығын шектеу (рақымшылықты ескере отырып) және бес жылға журналистикамен айналысуға тыйым салынды. Ол сот залынан босатылды, — делінген ақпаратта.

ҚазТАГ-тың негізін қалаушы Әсет Матаевқа да үш жылға дейін журналистикамен айналысуға тыйым салумен қатар үш жыл алты айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Алайда, судья жақында күшіне енген Рақымшылық туралы заңды ескере отырып, бас бостандығын шектеу мерзімін бір жыл үш айға дейін қысқартты. Оған басшылық міндеттерін орындау кезіндегі немқұрайлылық және бұзақылық жасады деген айып тағылды.

Сотталушылар процесс кезінде кінәсін мойындамады. Қорғаушы тарап ҚазТАГ-та жарияланған даулы материалдар сенімді дереккөздерге негізделгенін алға тартып, ақтауды талап етті.

Дереккөздің жазуынша, айыпталушы екі азамат та соттың бұл шешіміне шағым түсіретіндіктерін мәлімдеді.

Коллаж: fergana.news

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика