Қазгидрометтің мәліметі бойынша, 23-25 шілде аралығында Қазақстанның батыс аймақтарында қатты аптап ыстық қайта оралады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ираннан келетін жылы, құрғақ ауа массалары алдағы үш күнде батыс Қазақстанға ауысады, бұл жауын-шашынның тоқтауына және температураның көтерілуіне әкеледі. Синоптиктер күндіз қатты аптап ыстық болады деп болжайды, ол 34-тен 39 градусқа дейін, ал кейбір аудандарда 40-тан 44 градусқа дейін жетеді.
Жалпы алдағы күндері елдің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтілуде, кейбір жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Синоптиктер елдің көп бөлігінде бұршақ жаууы мүмкін деп болжайды. Бұндай ауа райы солтүстік-батыс циклонының әсерінен болады.
