Ғалымдар ақырзаман қашан болатынын айтты

Ғалымдар Жердің болашағын модельдеп, планетадағы өсімдіктер мен өзге де жаратылыс тіршілігі шамамен әлі де 2 миллиард жылға жуық бойы сақталуы мүмкін, деген қорытындыға келді—деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Ulysmedia.kz жазуынша, осы сәттен кейін Жердегі жағдайлар біртіндеп көптеген тірі организмдер үшін жарамсыз болады.

Ғалымдар неге сүйеніп отыр? 

Зерттеуді Боулдердегі Колорадо университеті ғалымдары мен Blue Marble Space компаниясының мамандары жүргізді. Олар өз зерттеулерін негізі ретінде үш өлшемді климаттық модельді пайдаланған. Олар, жоғары температура, бұлттылықтың, жауын-шашынның, мұхит жағдайының және атмосфералық айналымның өзгеруі. Модельге сәйкес, Күн қартайған сайын жарқырайды, бұл Жердің температурасының жоғарылауын жалғастырады. Сонымен қатар, өсімдіктерге фотосинтез үшін қажет атмосфералық көмірқышқыл газының деңгейі төмендейді.

Кім аман қалады?

Зерттеушілердің айтуынша, өсімдік тіршілігінің көпшілігі біртіндеп жойылып кетеді. Кактустар мен фотосинтездің ерекше түрі бар өсімдіктерді қоса алғанда, құрғақшылыққа төзімді ең көп түрлері ғана қалады. Ғалымдар өз болдамдарына негіз ретінде екі сценарийді қарастырды: Олар, табиғи геологиялық процестерге байланысты көмірқышқыл газы деңгейінің біртіндеп төмендеуі және температураның көтерілуі негізгі факторға айналатын нұсқа.

Жер қашан тіршілік етуге жарамсыз болады?

Зерттеу мен есептеулер шамамен 1,8 миллиард жылдан кейін Жер мұхиттарын жоғалта бастайды. Сонымен қатар күн сәулесінің одан әрі артуына байланысты тіршілік етуге жарамсыз болатынын көрсетті. Дегенмен, зерттеу авторлары модель өсімдіктердің эволюциясы мен адамның технологиялық дамуын ескермейтінін, бұл болжам өзгеруі мүмкін екенін атап өтті. Зерттеушілер тіршіліктің жаңа жағдайларға бейімделуі немесе болашақта Жерден тыс кеңеюі мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Сонымен қатар, ғалымдар күн радиациясын жасанды түрде азайту технологиялары зерттеліп жатқанын да алға тартты.

Бірақ олардың мүмкіндікері мен нәтижесі әлі белгісіз.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика