Air Astana әуе компаниясы БАӘ-не ұшатын барлық рейстерін тоқтатты

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын тоқтатындығын мәлімдеді,—деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Әуе комнаияның баспасөз қызметінің жазуынша, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы — Дубай — Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған КС 205/206 Астана — Дубай — Астана рейстері ұшпайды.

Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару не 12-18 шілде аралығында жоспарланған рейстерден 31 шілдені қоса алғанға дейін жоспарланған рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады. Рейстер кестесіндегі одан арғы өзгерістер туралы кейінірек хабарланады,-делінген ақпаратта.

Air Astana жағдайды мұқият бақылап, ол жақта қалып қойған жолаушыларды қайтару мәселелерін шешіп жатыр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика