Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 30 маусым мен 7 шілде аралығында Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде осындай 38 әрекетті анықтады,—деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Тексеріс нәтижесінде бір апта ішінде 636 миллион теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталды.
Жекеленген жағдайлардың бірінде, ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Қордай» автокөліктік шекаралық бақылау бөлімінде шетел азаматының жүгін тексеру барысында 350 000 АҚШ доллары (170 037 000 теңге) анықталды,-делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республика аумағынан (10 мың АҚШ долларынан баламасынан асатын) соммадағы қолма-қол ақша қаражатын шығаруға тыйым салынатынын еске салады.
фото: Ашық дереккөзден
