Оқиға кеше түнде Алматыдағы Алатау ауданында орналасқан тұрғын үй кешенінің бірінде болған,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Алдын-ала белгілі болған ақпаратқа сай 20 жастағы қыз бала 10-шы қабаттан құлаған.
Қалалық полиция департаментінің берген мәліметінше құлау кезінде қыз бала бірінші қабаттағы металл шатырға соғылып, барып жерге құлаған. Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғадан аз уақыт бұрын қыз бала мен жігіті арасында жанжал туындаған. Оқиғаның барлық мән-жайы тексерілуде,- деп жазды Алматы полициясы.
Қазіргі уақытта бойжеткеннің жағдайы ауыр, дәрігерлер оның өмірі үшін күресті жалғастырып жатыр.
Фото: Ашық дереккөзден
