ақпарат ағыны

Алматыдағы лай көшкіні: 4 адамның да денесі табылды

Алматыда лай көшкінін кезінде үйінді астында қалғандардың денелері табылып, шығарылды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz.

Оқиға орнында үйінділерді бөлшектеу және балшық массасынан тазарту жұмыстары жалғасуда.

Төтенше Жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жұмыстар өткір заттар, әйнек, арматура және т.б. заттар араласқан саз балшық массасының үлкен көлемімен, сондай-ақ үйге кіру жолының тар болуымен, техниканы барынша пайдалану мүмкін еместігімен қиындай түсті. Құтқарушылар жұмысты негізінен қолмен жүргізуде.

Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жас жігіттің денелерін тауып алып шықты. ТЖМ психологтары туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетуде, делінген ведомствоның  баспасөз қызметі берген ақпаратта..