Мерғалиев Жоғарғы Сот төрағасы болып тағайындалды

2022 жылдың желтоқсанынан бері Жоғарғы сот төрағасы қызметін атқарып келген Асламбек Мерғалиев Президент жарлығымен қайта тағайындалды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.  

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды. Бұл тағайындау 1-шілдеден бастан күшіне енген Жаңа Конституцияның талаптарына сай жүзеге асырылып отыр. Атап айтқанда, жаңа Ата Заңның күшіне енуіне байланысты 1 шілдеден бастап конституциялық нормадағы бір реттік өкілеттік мерзім талабы қолданылатын лауазымды тұлғалар тағайындалуға тиіс Олар: Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор, Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды,-делінген дереккөз берген ақпаратта. 

 

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика