Елімізде 1-шілдеден бастап қолданысқа енген жаңа Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұған дейінгі президенттік мерзімі есепке алынбайды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы бүгін бүгін Конституциялық сот жасаған мәлімдемеде айтылған.
Президенттің өтінішін қарау қорытындысы бойынша Конституциялық сот ресми түсіндіру берді:
конституциялық нормаларда аталған лауазымдарды 1995 жылғы Конституцияға сәйкес атқарып жүрген адамдар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы мүмкін деп түсіну керек,- делінген құжатта.
Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі сайлану алғашқы мерзім ретінде есептеледі
Конституциялық соттың түсіндіруінше, 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін мұндай тұлғалардың тиісті лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы конституциялық шектеулерді қолдану кезінде алғашқы сайлану немесе алғашқы тағайындалу ретінде есептеледі
Осылайша, қолданыстағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылғы президент сайлауына кандидат ретінде қатыса алады.
