Сұлтанбек Қожанов, Шәкен Айманов, Шерхан Мұртаза… Астанада 11 мектепке тұлғалардың есімі берілді

Астанада бірқатар мектепке қазақтың танымал тұлғаларының есімі берілді, деп хабарлайды Jurtmedia.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес:

№20 орта мектебіне Шәкен Аймановтың,

№27 мектеп-лицейге Қасым Қайсеновтың,

№38 мектеп-лицейге Әлімхан Ермековтың,

№64 мектеп-лицейге Сұлтанбек Қожановтың ,

№94 мектеп-гимназияға Тұрсынбек Кәкішұлының,

№89 мектеп-лицейге Дулат Бабатайұлының,

№44 орта мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың,

№24 орта мектепке Жүсіпбек Аймауытовтың,

№59 мектеп-лицейге Кәрім Мыңбаевтың,

№34 орта мектепке Барлыбек Сырттанұлының және

№63 мектеп-гимназиясына Шерхан Мұртазаның есімдері берілді- делінген әкімдік таратқан мәліметте.