Тамыздағы Құрылтай сайлауына қатысатын партиялар тізімі шықты

Орталық сайлау комиссиясы шығарға қаулыға сәйкес тамыздағы сайлауға еліміз бойынша 7 партия қатысады,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы ОСК мәлімдеді.

Олар: 

  1. «Ақжол»;
  2. «Ауыл»;
  3. «Әділет»;
  4. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы;
  5. «Байтақ» жасылдар партиясы;
  6. Қазақстан халық партиясы;
  7. Respublica.

AMANAT партиясы Орталық сайлау комиссиясына партия мүшелері алдағы сайлауға қатыспайтындығы жөнінде ресми хат жіберді.

ОСК берген мәлімет бойынша құрылтай сайлауында 10 мың дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.  Құрылтай сайлауын өткізуге 71 мың адам жұмылдырылады. Олар сайлау комиссиясының құрамында қызмет етеді. Саяси науқанға 12,5 млн адам қатысып, дауыс беру құқығына ие болады. Сайлаушыларға 10 мың учаске қызмет көрсетеді. Оның 82-сі шет елдердегі бөлімшелер.

Қазақстан азаматтары әлемнің 64 елінде өз таңдауларын жасай алады. Бір ерекшелігі – биылғы науқан жазғы демалыс маусымына сәйкес келіп тұр. Сол себепті азаматтар тұрғылықты жерінде, сондай-ақ уақытша барған орындарында дауыс бере алады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика