Kaspi.kz Apple Pay қызметін іске қосты. Бұдан былай клиенттер дүкендерде, қосымшаларда және интернетте iPhone, Apple Watch, iPad және Mac арқылы бүкіл әлем бойынша сатып алғысы келген тауарларына төлем жасай алады, — деп жазады jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
«Apple Pay қосу – клиенттеріміздің ең жиі айтылатын өтініштерінің бірі. Көптеген адам әсіресе шетелде Kaspi Gold картасын Apple Pay-ге қосып, iPhone немесе Apple Watch арқылы төлем жасағысы келеді. Мұндай мүмкіндік енді Kaspi.kz суперқосымшасында бар болғанына қуаныштымыз. Мақсатымыз – Kaspi Gold-тың кез келген жағдайда Қазақстанда, сапарда, дүкендерде, қосымшаларда және интернетте қолдануға ыңғайлы болуы», — деді Kaspi.kz компаниясының басшысы әрі негізін қалаушы Михаил Ломтадзе.
Apple Pay барлық жерде қабылданады. Байланыссыз төлемдер супермаркеттерде, дәріханаларда, мейрамханаларда, кофеханаларда, дүкендерде және басқа да сауда орындарында қолжетімді. iPhone немесе Apple Watch құрылғысы арқылы төлем жасау үшін смартфонның бүйірлік батырмасын екі рет басып, Face ID, Touch ID немесе құрылғының құпиясөзі арқылы аутентификациядан өтіп, құрылғыны POS-терминалға жақындатсаңыз жеткіліті. Төлем әп-сәтте жасалады.
