Прокурорлық тексеру кезінде облыс аумағында кәсіпкерлік, тұрғын үй және өзге де мақсаттарға берілген бірқатар жер телімдері ұзақ уақыт бойы игерілмегені анықталған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Облыс аумағында қайтарылған 78 жер телімінің құны 619 млн теңгеден асады. Аумағы 2182 гектар.
Сонымен қатар жер учаскелерін шаруашылық айналымына тарту бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті шаралар уақтылы қабылданбаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар жер пайдалану құқықтарын тоқтату және пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тиісті шаралар қабылдады.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және прокуратураның бақылауында.
Фото: ашық дереккөзден.
