2023 жылы Ұлттық ұлан сарбазы қатарына қабылданып, артынша ауыр жарақат алып үйіне қайтарылған Ербаян Мұхтар өмірден озды, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Қаралы хабарды БАҚ өкілдеріне марқұмның анасы жеткізді.
Марқұм сол 2023 жылдың аяғынан бері үздіксіз ем қабылдап келе жатқан. Оның жағдайы қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Алғашында Алматы, Астана қалаларында ем қабылдаған ербаян кейін қазақстандықтардың көмегімен Түркияға емделуге барған. осы емкен кейін оның денсаулығы бәршама дұрыстала бастаған. Алайда, жақында оның жағдайы қайта нашарлап Астанадағы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер оның жүрегі тоқтап қалғанын айтты.
Еске салайық, сарбаз Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүргенде ауыр бас-ми жарақатын алып, комаға түскен. Сол кезде әскери бөлім өкілдері сарбаз дәретханада құлап, басын ұрып алды деп мәлімдеген. Бірақ, оның туыстары мен қоғам әсікери бөлімнің мәлімдемесімен келіскен жоқ. Тіпті, Ербаянның өзі ауруханада есін жиған соң өзінің ауыр адамдар тарапынан ауыр соққы алғанын ишарамен жеткізген.
