Жерлесіміз Назым Қызайбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының финалдық жекпе-жегінде италиялық қарсыласы Сирин Чараабиді жеңді, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Сирин Чарааби — әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері.
Шаршы алаңда отандық былғары қолғап шебері Назым Қызайбай 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол төрешілердің шешімімен жеңіс тұғырынан көрінді. Боксшы алғашқы екі раундта қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.
Қызайбайдың Қытайдағы жеңісті жолы
Назым Қызайбай жарыс жолында бірнеше мықты қарсыласын шаңқаптырды. 1/8 финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Им Э Джиді 4:1 есебімен жеңді. Ширек финалда польшалық Виктория Рогалинсканы 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Ал жартылай финалда тайландтық Натнича Чонгпронгклангтан 3:2 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Назым Қызайбай — үш дүркін әлем чемпионы, 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, биылғы Әлем кубогінің екінші кезеңінің чемпионы.
