Вейп шеккен 12 жастағы жасөспірім қайтыс болды

Қайғылы оқиға Ресейдің Уссурийск қаласында болған. Жасөспірім өзін нашар сезінген. Артынша ол жергілікті ауруханаға жеткізілген,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық — сараптамалық порталы..

Алайда, дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмады. Алдын ала дерек бойынша баланың өліміне- никотин немесе өзге зиянды қоспаларды артық дозада пайдалануы себеп болған.

 Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресті, бірақ оны құтқара алмады. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның денесі электронды сұйықтықтағы никотиннің немесе басқа заттардың мөлшеріне төтеп бере алмаған болуы мүмкін,-деп жазды жергілікті weacom.ru басылымы. 

Бала өлімінің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады. Оның нәтижелері әлі жарияланған жоқ.

Фото: ашық дереккөзден.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика