Жетісу облысында уран концентратын Қытайға өткізбек болғандарға сот үкімі шықты

Жетісу облысында ядролық материалдарды заңсыз өңдеу және Қазақстаннан Қытайға уран концентратын заңсыз алып өту әрекетіне қатысты іс бойынша алты айыпталушыға үкім шығарылды, деп хабарлады,-Jurtmedia ақпараттық — сараптамалық порталы. 

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сотқа дейінгі тергеу органдарының мәліметінше, айыпталушыларға ядролық материалдарды заңсыз пайдалану және уран концентратын Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына контрабандалық жолмен алып өтуге әрекеттену айыптары тағылды.

Жетісу облысы Панфилов аудандық соты ҚР ҚК-нің 283-бабының 2-бөлігі (ядролық материалдарды заңсыз пайдалану, сақтау, тасымалдау және сату),  286-бабының 2-бөлігінің 1 және 4-тармақтары (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының бірнеше рет жасаған ядролық материалдарды контрабандалық жолмен алып өтуге әрекеттенуі) және 284-бабының 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтары (қызметтік өкілеттікті пайдаланып жымқыру) бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша алты айыпталушыға үкім шығарды,— делінген дереккөз берген ақпаратта.

Соттың мәліметінше, айыпталушылар уран концентратын заңсыз экспорттауды ұйымдастырған. Материал нысаннан ұрланған, содан кейін ол бірнеше адам арқылы тасымалданып, елден контрабандалық жолмен алып шығуға әрекеттенген. Радиоактивті зат «Нұр жолы» бақылау-өткізу пунктінде табылған. Сараптама тәркіленген материалдың уран концентраты екенін, радиоактивтілік деңгейі бірнеше есе жоғары екенін растады.

Сот айыпталушылар Y., K. және Р.-ді жеті жыл алты айға, Ж.-ні төрт жыл алты айға, ал M. мен С.-ді екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.Олар жазаларын қауіпсіздігі орташа мекемелерде өтейді.

Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Фото: ашық дереккөзден

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика