1,5 млрд теңге: Елімізде бір айда сексеннен аса жемқорлық ісі тіркелген

ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 2026 жылғы мамыр айында тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы мәлімет таратты,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық — сараптамалық порталы. 

Ведомство терген ақпаратқа сай биыл мамырда ҰҚК СЖҚК 83 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеген.

Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық сияқты қылмыстарға қатысты.

Қылмыстық істер бойынша 45 адам күдікті деп танылды. 85 қылмыстық істің тергеуі аяқталды, оның 66-сы сотқа жолданды. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 1,5 млрд теңгені құрады. Бюджетке 835,3 млн теңге қайтарылды. Бағасы 11,2 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды,-делінген дереккөз ұсынған ақпаратта.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика