Анталияның курорттық аймағында Қазақстан азаматы қайтыс болды

27 жастағы Қазақстан азаматы Кубат Аманбеков Анталияның курорттық аймағында қайтыс болды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпартаттық-сараптамалық порталы. 

IHA ақпарат агенттігінің жазуынша марқұм курорттық аймақтағы Серик ауданында туристерге арналған жолда велосипедпен келе жатқанда, такси қағып кеткен.

Оқиға 8 мамырда таңғы сағат 3:00 шамасында болған. Марқұм алған ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

Марқұм Қубат Аманбеков бұған дейін бес жұлдызды қонақ үйлердің бірінде даяшы болып жұмыс істегені айтылды. Оның денесі мәйітті тексеру үшін Анталия сот медицинасы институтының мәйітханасына жіберілді.

Такси жүргізушісі жауап алу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Апатқа байланысты тергеу басталды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика