ТЖМ құтқарушылары Каспий теңізінің жағалауында күзет жүргізу барысында жағадан шамамен 400 метр қашықтықта ашық теңізде қалып қойған ер адамды байқаған,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, қайықтағы ер адамды жағаға жеткізді.
Белгілі болғандай, ер адам мотор орнатылмаған қайықпен суға шыққан. Күшті желдің салдарынан қайықты ағыс пен жел ашық теңізге қарай алып кетіп, ол өздігінен жағаға қайта орала алмаған,- делінген Төтенше жағдайлар министрлігі берген ақпаратта.
Құтқарылған азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
