Нұрлыбек Нәлібаев жаңа қызметке тағайындалды

Қызылорда облысын табан аудармай төрт жылдан артық басқарған Нұрлыбек Нәлібаев Президент жарлығымен Астанаға қызмет ауыстырды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Ол бүгіннен бастап Үкіметтегі екінші адам болып қызмет етеді. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,-делінген ақорда таратқан мәліметте. 

Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев (13 қазан 1976Жаңақорған ауданыҚызылорда облысы) — қазақстандық саясаткер, экономист, заңгер, 2026 жылдан бастап Премьер-министрдің бірінші орынбасарыҚызылорда облысының бұрынғы әкімі (2022—2026). Белгілі мемлекет қайраткері марқұм Бердібек Сапарбаевтың туған інісі.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика