80 жыл бұрын бәрі түсінікті еді: Тоқаев БҰҰ ескі ұстанымдардан арылу қажеттігін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталяда өткен  дипломатиялық форумының панелдік сессиясында БҰҰ-ның бүгіні мен болашағына қатысты өз ойын ашық білдірді,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Қазақ елінің басшысының пікірінше, қазіргі таңда БҰҰ-ға уақыт талабына сай келмейтін идеялар мен ұстанымдардан арылу қажет.

Аталған Ұйымның негізі 80 жыл бұрын қаланды. Кейбір адамдар ұйым әбден ескірді, құлдырап бара жатыр деген пікір айтады. Келісуге тура келеді. Бізге БҰҰ Жарғысына мұқият мән берген жөн. Жарғыда «дұшпан мемлекеттер» деген ұғым бар. Рас, 80 жыл бұрын бәрі түсінікті еді. Ал қазір әлгі «жау елдер» Ұйымды қаржыландыру және бейбітшілікті қолдау ісінде маңызды рөл атқарып отыр. Ең бастысы – БҰҰ-ның беделін көтеріп, тиімділігін арттыру, – деді ол.

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев превентивті дипломатияның қақтығыстарды тоқтатуда өте өзекті екеніне мән берді.

– Бұл тақырып бұрыннан талқыланып келеді, кемінде 30 жыл болды. Бірақ өзгерген ештеңе жоқ. Жағдай ділмәр сөз, декларация күйінде қалып жатыр. Өңірлік және жаһандық шиеленістерді болжауға баса мән берген жөн деп ойлаймын. Превентивті дипломатия дегеніміз – осы. Сонымен қатар біз көпжақты тиімді дипломатияға қолдау көрсету үшін күш-жігерімізді біріктіру керек, – деді Қазақстан басшысы.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика