Арқалық әкімдігі иесіз иттерді эвтаназиялауға қарсы митингке рұқсат берді

 ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңына енгізілген түзетулерге қарсы бейбіт митинг өткізу туралы ұсыныс хатты қаланың Ішкі саясат басқармасы қолдаған, — деп хабарлайды  Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Жиын ертең яғни, 18 сәуірде қаладағы Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылының қиылысында өтеді. Бұл туралы ҚазТАГ  жазды. 

Құрметті Татьяна Ивановна! «Арқалық қаласы әкімінің аппараты» ММ арқылы 2026 жылғы 10 сәуірде №ЖТ-2026-01518112 нөмірімен тіркелген бейбіт жиын өткізу туралы хабарламаңызға сәйкес, өтінішіңіз қаралып, 2026 жылғы 18 сәуірде бейбіт жиын өткізуге рұқсат беру туралы шешім қабылданғанын хабарлаймыз», — делінген  Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырушыларға берген құжатта.   

.айта кетйік, 8 сәуірде Мәжіліс «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Бұл өзгерістер қаңғыбас иттерді уақытша ұстау орындарында белгілі бір мерзім өткен соң (иесіз иттер үшін 5 күн, иесі болуы мүмкін иттер үшін 60 күн) эвтаназия жасауға рұқсат береді. Бұл шешім жануарлар құқығын қорғаушылар, белсенділер мен қатардағы азаматтардың наразылығын тудырды. Олар депутаттарды мәселені шешуде тиімсіз әрі қатыгез әдістерді қолданып отыр деп айыптауда.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика