Ақтөбеде кеншілерден ақша бопсалап келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Ақтөбе облысында наурыз айында полицейлер жедел ақпараттарды іске асыру барысында бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топты ұстады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Хромтау қаласында жергілікті қылмыстық орта өкілдері қорқыту мен күш қолдану арқылы кешілерден ақша бопсалаған.

Бірақ жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгінбеген.

Жедел қызметкерлер күдіктілердің толық анықтап, бұлтартпас дәлелдер жинап, барлық қатысушыны бір мезгілде ұстау операциясын жүргізді. 20 санкцияланған тінту шарасы барысында ақша мен өзге де айғақ заттар тәркіленді. Осындай қылмыстық әрекеттер Ақтөбе қаласында да тоқтатылды. Мұнда полиция көңіл көтеру орындарына бағытталған бопсалаушылар тобын анықтады. Қаскөйлер күш қолданумен және күзет қызметкерлеріне қысым көрсетумен айналысып, өздерінің заңсыз «қорғауын» күштеп таңған,-деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Қазіргі таңда қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жергілікті полиция олардың өзге де ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған фактілер бойынша бопсалау деректерімен қылмыстық істер тергелуде екенін айтты. Қосымша түрде заңсыз ұстау және бас бостандығынан айыру фактілері бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Фото: ІІМ баспасөз қызметінен

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика