Инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Түркістан облысында 100 гектар жерде орналасқан Өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Жалпы өндірістік парк аумағында 152 ғимарат салу жоспарланған.
Болашақта тартылатын жеке инвестиция көлемі 308 млрд теңге болады және 27 млрд теңгеге импорттық тауарды алмастырады. Бюджеттің 1 теңгесіне 8,5 теңге жеке инвестиция тартылады. Өндірістік парк толығымен іске қосылған соң 6040 жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланып отыр.
«Өндірістік парк» құрылысы екі кезеңмен жүзеге асырылуда: Бірінші кезеңде 30 гектар жер телімі бөлініп, тиісті инфрақұрылыммен және коммуникация желілерімен қамтамасыз етілді, атап айтқанда электр энергия — 4,9 МВт, газ – 882 м3/сағ, су мен кәріз жүйесі, көгалдандыру және асфальт жолдары жүргізілген.
Бірінші кезеңде 3 қатардан тұратын 40 ғимарат ғимараттың құрылысы аяқталып жалпы қазіргі таңда 32 жоба іске асқан оның ішінде: жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын, ауыл шаруашылық тракторларды өндіретін және сэндвич панелдер, мектепке арналған жиһаздары мен медициналық, кеңсеге арналған жиһаздар, тоңазытқыштарды өндіретін, ішкі есіктер және дрон өндірісі және тағы басқалар.
Екінші кезеңде 2025-2026 жылдары 70 га аумақта 112 ғимарат соғу жоспарлануда.
Кәсіпкерлер инфрақұрылымы жүргізілген, құрылысы дайын өндіріс орындарға қызығушылық танытып келеді.

