Атырауда ойын-сауық орталығында жасөспірім биіктен құлады

Атыраудағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде 14 жасар жасөспірім биіктен секіріп жарақат алды, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Облыстық полиция департаменті ата-анасының назарынан бір сәтке тыс қалған жасөспірім өздігінен секіргенін мәлімдеді.

14 жасар жасөспірім қараусыз қалып, қауіпсіздік ережелерін бұзған және биіктіктен секіргеннен кейін жеңіл жарақат алған. Медициналық тексеруден кейін жасөспірім ата-анасымен бірге үйіне жіберілді, — деп түсіндірді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.  

Ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісті түрде орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мекеменің қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру  жұмысы да қолға алынды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика