Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен танымал спортшы Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Спортшыға мұндай жоғары марапат отандық спортқа қосқан мол үлесі үшін беріліп отыр.
Альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін, — делінген президенттің арнайы жарлығында.
