ақпарат ағыны

Жеделсаты ішінде сыралатқан астаналық полицейлер жұмыстан қуылды

Күні кеше әлеуметтік желіде лифт ішінде сыра ішіп тұрған елордалық үш полицейдің видеосы тараған болатын, деп хабарлады Jurtmedia.kz

Артынша астана қаласы ПД бейне жазбаға қатысты;

Тексеріс нәтижесінде қызметкерлер кезекшіліктен кейін үйіне қайтып келе жатқаны анықталды. Қызметкерлердің құрамында спирті бар сусынды сатып алуы және ішуі анықталмаған. Нысанды киім-кешекті бұзғаны үшін қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заңның бұзылуына жол бермеу туралы жеке құраммен жұмыс жүргізілді, – деп жауап берген болатын.

 

Алайда бүгін Астана қаласы полиция департаменті басшысы Марат Төлебаев өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында сыралатқан бұрынғы әріптестерінің жұмыстан, босатылғанын ресми түрде хабарлағаны белгілі болды.

Әлеуметтік желілер мен телеграм каналдарында таратылған елорда ПД қызметкерлеріне қатысты бейнеге орай мынаны хабарлаймын: Елордалық Полиция департаменті қызметтік тергеу жүргізді, оның нәтижесінде қызметкерлер атқаратын лауазымдарынан босатылды”,- деп жазба қалдырды М. Төлебаев.