Елордалықтар қоғамдық көлікте бір күн бойы тегін жүреді

Астана қаласында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

  Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады. Бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды. Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді,-делінген әкімдік берген ақпаратта. 

Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді.
Жолаушылар осы ақпаратты ескергені жөн,- деп қосты дереккөз.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика