Еліміздің 16 аймағында дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 5 наурызда еліміздің біраз бөлігінде жауын-шашынды ауа-райы болуына байланысты тұрғындарға ескерту жариялады,— деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бүгін Астанада жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Шымкент қ. түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 18-23,  күндіз кей уақыттарда 28 м/с.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 05 наурызда күндіз кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыс бағыттан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18-23,  күндіз кей уақыттарда 28 м/с.

Түнде Жетісу облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

 Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

 Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ  күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.

 Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с.

  Павлодар облысының батысындасолтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ,  күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

  Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

  Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

  Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман.

 Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15–20 м/с.

 Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

  Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

 Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.

  Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

 Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, облыстың батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

 Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика