Ауқымды іс-шараны Астана қаласының Спорттық балық аулау федерациясы ұйымдастырды,— деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. .
Елорда әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, жарыста еліміздің мықты спортшылары бір алаңға жиналып, қала өмірінде спорт пен әлеуметтік жауапкершіліктің үйлесімді үлгісін көрсетті.
Жарыста барлық ереженің сақталуын кәсіби төрешілер алқасы қамтамасыз етті. Бас төреші қызметін Бақытжан Әділбеков атқарды, төреші хатшы міндетін Андрей Рогов орындады, ал балық аулау аймақтарында төреші ретінде Данил Коротовский жұмыс істеді.
Ұйымдастыру комитеті алдын ала жарысқа дайындық жұмысын жүргізді. Өзеннің түбі мен ағысы ескеріле отырып балық аулайтын жерлер белгіленді, төрешілер штабы құрылды, марапат қоры жасақталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арналған кубок, медальдар және грамоталар дайындалды. Жарыс бағдарламасы бірнеше міндетті кезеңнен тұрды. Қатысушыны тіркеу, салтанатты ашылу рәсімі, балық аулайтын құралдарды техникалық бақылау, балық аулау кезеңі, нәтижені есептеу және марапаттау рәсімі. Барлық кезең тәртіпке сәйкес, жоғары деңгейде өтті.
Жарыс күні балықшыларға қолайлы болып, турнир шынайы спорттық бәсеке жағдайында өтті.
Қатысушыларға барлық жағдай жасалып, олар балық аулау тактикасы мен техникасына толық назар аудартуға мүмкіндік алды.
Тартысты дода қорытындысы бойынша чемпионат жеңімпаздары анықталды:
• Бірінші орынды – Абай Мұқанов.
• Екінші орынды – Антон Родионов.
• Үшінші орын – Амангелді Салықов.
Ал «Big Fish» арнайы номинациясында (ең ірі балық аулағаны үшін) Вячеслав Байгужин жеңімпаз атанды
Өткен чемпионаттың ерекшелігі – оның қайырымдылық сипатында өтуі. Жарыс барысында спортшылар ұстаған барлық балық жануарларға арналған панажайға тапсырылды. Бұл игі бастаманы «Добро рулит» клубының еріктілері жүзеге асырды. Аталған клуб – Астана қаласының Спорттық балық аулау федерациясының жастар қанаты.
