Израиль Иранға шабуыл жасады

Бұл туралы Израил қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

DW агенттігінің жазуынша, «Израиль мемлекеті Израиль мемлекетіне төнетін қауіптерді жою үшін Иранға алдын ала шабуыл жасады», — деп мәлімдеген.

Сонымен қатар, Израиль Қорғаныс министрлігінің өкілі операция бірнеше айға жоспарланғанын және оның басталу күні бірнеше апта бұрын белгіленгенін атап өтті.

Иранның мемлекеттік БАҚ-тары Тегеранның орталығында үш жарылыс салдарынан өала ішін пен қою түтін басқанын жазды. Иран астанасының шығыс және батыс бөліктеріндегі кейбір аудандарда ұялы телефон желілері үзіліп, интернет байланысы әлсіз және тұрақсыз бола бастаған. «Фарс» ақпарат агенттігі Иранның Исфахан, Құм, Карадж және Керманшах қалаларында да бірнеше жарылыс болғанын хабарлады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика