Түркістан облысында білім саласының 14 қызметкеріне сот үкімі шықты

Түркістан облысында Байдібек аудандық білім бөлімінің бір топ лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқырып отырған, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 583 млн теңгеден асты.

Тергеуді Қаржылық мониторинг агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізді.
⚠️

Басшылар, бухгалтерлер және экономистерді қоса алғанда 18 лауазымды тұлға жалақы мен өзге де төлемдерге арналған бюджеттік өтінімдерді негізсіз ұлғайту арқылы ауданның 49 жалпы білім беретін мектеп қаражатын иемдену схемасын ұйымдастырған.

Бухгалтерия қызметкерлеріэлектрондық жүйелерге әдейі жалған мәліметтер енгізіп отырған. Төлем ведомостары мен есеп парақтарына іс жүзінде жұмыс істемеген адамдар енгізілген немесе жалақы мен үстемеақылардың көлемі негізсіз өсірілген.

Операцияларға заңды сипат беру үшін қызметтік жазбалар, бұйрықтар, есеп ведомостары мен жұмыс уақыты табельдері сияқты жалған құжаттар пайдаланылған. Құжаттардың бір бөлігі төлемдер жүргізілгеннен кейін кері күнмен рәсімделіп немесе есептілікті сәйкестендіру мақсатында түзетілген.

Қаражат жалған тұлғалардың, оның ішінде туыстары мен таныстарының банктік шоттарына аударылып, кейін алдын ала келісілген үлестер бойынша қатысушылар арасында бөлінген.
⚠️Тергеу барысында күдіктілер келтірілген шығынды толық өтеді.
👨‍⚖️

Сот 14 адамды 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тағы 4 адамға қатысты іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика