Солтүстіктегі үш облыста автожолдағы қозғалыс тоқтатылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше жолда барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді, — деп хабарлайды  Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.   

 «КазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша төмендегі республикалық маңызы бар жолдар жабылған. 

Ақмола облысы:
— Қостанай облысының шекарасы — СҚО шекарасы;
— Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы;
— Көкшетау қаласы — Атбасар қаласы;
— Щучинск қаласы — Зеренді ауылы;
— Щучинск қаласы — Көкшетау қаласы;
— Қостанай облысының шекарасы — Сұрған ауылы;
— Ақсай ауылы — Бұзылық ауылы.

Қостанай облысы:
— Ұзынкөл кенті — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;
— Арқалық қаласы — Ақмола облысының шекарасы.
— Сарыкөл кенті — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;
— Әулиекөл ауылы — Ақмола облысының шекарасы.

Солтүстік-Қазақстан облысы:
— Ақмола облысының шекарасы — РФ шекарасы;
— Ақмола облысының шекарасы — Рузаевка ауылы;
— Ақмола облысының шекарасы — Новоишимское ауылы;
— Рузаевка ауылы — Қостанай облысының шекарасы;
— Петропавл қаласы — Мамлютка қаласы.✅

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жолды 2026 жылғы 18 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика