Астана мен Алматыда жүргізушісі жоқ таксилер жүре бастайды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ел аумағында жүргізушісіз көліктерді сынақтан өткізуді бастамақ,- деп хабарлайды  Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Алғашқы пилоттық режимдегі жоба Алматы, Астана қалалары мен Ақмола облысы аумағында қолға алынбақшы.

  Қалалық мобильдік пен логистика бағытында бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде жүргізушісіз такси жобаларын іске қосу жоспарлануда.
Ұзақ мерзімде қарастырсақ бұл бағыт цифрлық экономиканың жаңа сегментін қалыптастырып, бюджетке қосымша қаражат әкелуге мүмкіндік береді,-делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика