Трамп пен Моди келісімі: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты

АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен сөйлесу нәтижесінде оны Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатуға келіскенін айтты,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.  

BBC таратқан дереккөзінше, Ақ үй басшысы Вашингтон мен Нью-Дели АҚШ-тың жоғары тарифтерін алып тастайтын келісімге келгенін хабарлаған. Артынша Моди Трамппен тарифтерді төмендетуге келіскенін растады, бірақ Ресей мұнайы туралы ештеңе айтпады.

Бүгін таңертең Үндістан премьер-министрі Модимен сөйлестім. Біз сауда және Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату мен  өзге де көптеген мәселелерді талқыладық, — деп жазды Трамп өзінің әлеуметтік желідегі Truth Social аккаунтында.

Трамп бұл келісім ең бастысы Украйна мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға септігін тигізетінін атап өтті.

Ол Ресей мұнайынан бас тартуға және АҚШ  және  Венесуэладан әлдеқайда көп мөлшерде сатып алуға келісті. Бұл келісім,  апта сайын мыңдаған адам қазасына себеп болып отырған Украинадағы соғысты тоқтатуға өз әсерін тигізеді, деп жазды ол.

Трамп сонымен қатар Модимен АҚШ Үндістан импортына қатысты тарифтерді 25%-дан 18%-ға дейін төмендететін және Үндістан АҚШ импортына тарифтер мен тарифтік емес кедергілерді толығымен жоюға бағытталған сауда келісімі бойынша келіскенін атап өтті.

АҚШ президентінің айтуынша, Моди сонымен қатар энергетика, технология, ауыл шаруашылығы және көмір сияқты салаларда 500 миллиард доллардан астам сомаға американдық өнімдерді сатып алуға уәде берген.

Тамыз айында Ақ үй үнді тауарларына 50% тариф енгізді, оған Ресей мұнайын сатып алғаны үшін айыппұл ретінде 25% қосымша алым кірді. Трамп мұны Ресейден энергия экспорттау арқылы Үндістан Украинаға қарсы соғысты қаржыландыруға көмектесіп жатқанын айтумен түсіндірді.

АҚШ әкімшілігіндегі BBC дереккөзі жаңа келісімнің бөлігі ретінде 25% айыппұл алынып тасталатынын растады.

Нарендра Моди X желісінде Трамппен тарифтерді 18%-ға дейін төмендету туралы келіскенін растады, бірақ Ресей мұнайы туралы ештеңе айтқан жоқ.

Тоқырау мен құлдырау арасында. Батыл мұнай болжамдары Ресей экономикасына қалай қауіп төндіреді
«Екі ұлы экономика мен әлемдегі ең ірі демократиялар бірлесіп жұмыс істегенде, бұл біздің халықтарымызға пайда әкеледі және өзара ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктер ашады», — деп жазды Моди Трампты «менің қымбатты досым» деп атады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика