Ұлттық Статистика бюросы берген мәлеметке сай Соңғы бір жыл ішінде қазақстандықтардың саны 212 576 адамға өскен, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Қлттық бюро берген жаңа дерек бойынша, 2026 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша елімізде 20 495 975 адам тұрады.
Облыстан арасында халық саны бойынша Түркістан облысы көш бастап отыр. Бұл күнде облыста 2 148 658 халық тұрып жатыр.
Ал, ел бойынша тұрғындар оранласқан қала Алматы болып тұр. Елдегі ең үлкен мегаполисте ресми түрде 2 347 924 адам мекендейді.
Елдегі тұрғын саны жағынан миллионер қалалар мен аймақтар:
- Астанада – 1 638 233 адам (109 530 адамға артты);
- Алматы облысында – 1 596 331 адам (36 207 адамға артты);
- Жамбыл облысында – 1 215 373 адам (7 018 адамға азайды);
- Шымкентте – 1 293 648 адам (37 484 адамға артты);
- Қарағанды облысында – 1 131 287 адам (2 646 адамға азайды).
Халқы аз өңірлер:
- Ұлытау облысы – 218 993 адам (2 297 адамға азайды);
- Солтүстік Қазақстан облысы – 514 156 адам (8 015 адамға азайды);
- Абай облысы – 595 676 адам (7 156 адамға азайды).
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалаларда 13 029 803 қазақстандық (256 688 адамға артты), ауылдарда – 7 466 172 қазақстандық тұрады(44 112 адамға азайған).
Фото: Ашық дереккөзден.
