Қайғылы оқиға 29 қаңтарда Жаңаөзенде болған. Марқұмның артында жеті баласы өалды. оның бесеуі әлі кәмелетке толмаған, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметінше, 44 жастағы әйел пышақ жарақатынан қайтыс болған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған қылмысқа марқұмның күйеуі күдікті ретінде танылып отыр. Ол қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Алдын ала тергеу жұмыстары ерлі-зайыптылардың арасында отбасылық жанжалдың болғанын және оның соңы қайғылы аяқталғанын анықтады,- деп жазды дереккөз.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, толық және объективті түрде анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.
фото: Ашық дереккөзден
