Давос кездесуі: Тоқаев пен Трамп не туралы сөйлескені белгілі болды

Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіме не туралы болғандығы қоғамда үлкен қызығушылық тудырды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Осыған қатысты Президенттің көмекшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдібай түсініктеме берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі, — деді Тоқаевтың баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар ол, Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқанын жеткізді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика