Алматыда META-DESIGN – 2026 студент жастардың дәстүрлі көрмесі басталды

Алматыдағы Халықаралық білім беру корпорациясында (ХБК/KazGASA) Академияның құрылғанына 45 жыл толуына орай Дизайн мектебінің (факультет) шығармашылық және жобалық жұмыстарынан құралған META-DESIGN – 2026 жыл сайынғы студенттік көрмесі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Бақтияр Асылбайұлы Сәбденәлиев арнайы қатысып, жастарға сәттілік тіледі.

Өнерде шекара жоқ. Сәулет, дизайн және жалпы бейнелеу өнерінің деңгейін көтеру мақсатында білім алып жатқан жастарға да мүмкіндігінше жан-жақты қолдау көрсетіп келеміз. Бүгінгі көрме соның бір көрінісі десек артық айтқандық болмас. Шәкірттеріне шабыт беріп жүрген барлық ұстаздар қауымына басшылық атынан өз ризашылығымды білдіремін. Құтты болсын! — деп, құттықтау сөз сөйлеп, лента қию рәсімін жасады.

Одан кейін сөз алған Дизайн мектебінің деканы Тұрар Қуанышұлы көрме жайлы айта келе:

Студенттеріміздің мұндай шығармашылық көрмесі оқу орнының қабырғасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі шара Академияның құрылғанына 45 жыл толуына арналып отыр. Бұл көрме алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады — деп атап өтті..

Арнайы шақырылған меймандардың атынан «TURAN» Халықаралық cуретшілер консолидациясының президенті, профессор, өнертанушы Жанарбек Берістен де әріптестерінің сөзін құптап:

Академия ғимаратынан алдағы уақытта бұдан да кең кеңістікті жасап, осындай көрмелерді тұрақты ұйымдастыруға мүкіндік болса, студенттерге де оқытушыларға да жақсы мотивация болар еді. Содан кейін ол жерге сырттан тапсырыстар алып, басқа суретшілердің көрмелерін ұйымдастырса тамаша болар еді — деген тілегін тілге тиек етті.  

«META-DESIGN – 2026» атауы академиялық дәстүр мен батыл эксперименттің тоғысқан нүктесін бейнелейді. Көрме классикалық өнер мен заманауи жобалаудың өзара диалогы арқылы болашақ дизайнерлердің кәсіби ойлау жүйесін қалыптастыруға бағытталған ҚазБСҚА-ның бірегей педагогикалық тәсілін паш етеді.

Көрмеге Дизайн мектебінің 22 оқытушысының 1–3 курста оқитын 84 студенті қатысып, екі негізгі бағыт бойынша жұмыстарын ұсынды:

Көрмеге келушілер академиялық және сәулеттік сурет, кескіндеме, мүсін. Көрермендер студенттің классикалық барельефтен бастап күрделі портреттік және натуралық жұмыстарға дейінгі шығармашылық жолын көре алады.

Дизайндық бағыттары жобалық макеттер, визуалды зерттеулер және индустриялық шешімдер.

Сонымен қатар көрмеде портрет, натюрморт, интерьер және экстерьер суреттері, макеттер, плакаттар, коллаждар, дизайнерлік шамдар мен жиһаз, ыдыс-аяқ қамтылған

«META-DESIGN – 2026» көрмесі — бұл тек оқу нәтижелерінің көрсетілімі ғана емес, жаңа буын шығармашыл тұлғалардың кәсіби болмысын іздеуге арналған манифест.

Ұйымдастырушы ХБК (KazGASA)  Дизайн мектебі 1992 жылы құрылған. Бұл  Қазақстандағы алғашқы дизайн кафедрасы болды.

Айта кетейік, Бүгінде КазГАСА — халықаралық білім беру кеңістігіне интеграцияланған, әлемдік деңгейдегі мамандар даярлайтын еліміздегі жетекші жоғары оқу орны.

Дәурен Мақсұтханұлы,

Халықаралық білім беру корпорациясының

ассистент-профессоры, суретші-мүсінші, дизайнер.

Фото: Иван Мариненко

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика