Бұл туралы Мемлекет басшысы Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта жасақталатын бір палаталы жаңа парламентке «Құрылтай» деген атау беруді ұсынды.
Болашақ парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға да түсінікті, жақын. Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім.
Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым. Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретіне сақтап қалуымыз керек деп ойлаймын», — деді мемлекет басшысы.
