Ауа райына қатысты дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашын жауып, боран болады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Шығыс өңірлерде түнде қалың қар жауады деп болжануда, ал елдің батысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Оңтүстікте, солтүстік-батыста және орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, — делінген дереккөз берген ақпаратта. 

Сондай-ақ республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжануда. Аймақтардың басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика