Елімізде жаңа жыл түнінде 250-ден аса сәби дүниеге келді

Қазақстанның перзентханаларында Жаңа жыл түні 254 сәби дүниеге келді. Туған нәрестелердің саны жынысы бойынша ұлдар мен қыздар бірдей, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Денсаулық сақтау министрлігі берген дерек бойынша олардың ішінде Ақтөбе облысында бір егіз дүниеге келген.

Дәстүрлі түрде ең көп нәресте туған өңірлер: Түркістан облысы – 29 бала, Шымкент қаласы – 24, Астана – 22 және Алматы қаласы – 21.

Денсаулық сақтау министрлігі «Аналар саулығы» бағдарламасы шеңберінде экстрагениталдық патологияларды анықтау, жоспарланған жүктілікке дейін зерттеп-қараулар мен сауықтыру мақсатында профилактикалық қарап-тексерулер мен прегравидарлық дайындық жүргізуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша прегравидарлық дайындықпен қамту 11%-ға артып, әйелдердің 46,5%-ын құрады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика