Әлемдегі үздік және ең қымбат деп бағаланған футбол клубтардың жаңа рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Рейтингті Transfermarkt порталы белгілеген. Алғашқы орында Реал Мадрид тұр. Олардың құны 1,38 миллиард еуро деп бағаланған. Екінші орын лондондық «Арсеналға» тиесілі. Команда 1,29 миллиард еуро көрсеткішке ие. Үздік үштікке 1,19 миллиард еуромен «Манчестер Сити» мен Францияның ПСЖ клубы енген.
Сондай-ақ портал алғашқы ондықта тұрған командалардың тізіиін де жариялады:
- «Реал Мадрид» – 1,38 млрд еуро;
- «Арсенал» – 1,29 млрд еуро;
- «Манчестер Сити» – 1,19 млрд еуро;
- ПСЖ – 1,19 млрд еуро;
- «Челси» – 1,18 млрд еуро;
- «Барселона» – 1,12 млрд еуро;
- «Ливерпуль» – 1,04 млрд еуро;
- «Бавария» – 980 млн еуро;
- «Тоттенхэм» – 878,5 млн еуро;
- «Манчестер Юнайтед» – 719,5 млн еуро.
