2,3 млрд теңге: Бұрын сотталған азамат жетім балаларға арналған пәтерлерді заңсыз иемденіп келген

🏦Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік осал топтарға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүгедектігі бар адамдарға арналған пәтерлерді заңсыз иемдену фактісі бойынша тергеу бастады, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Аталған істі тергеу Бас прокуратураның үйлестіруімен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерімен бірлесіп жүзеге асуда.
➡️

Басты күдікті А.Байжұманов  2014–2016 жылдары «Төленді» тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқара отырып, пайшылардың ақшалай қаражатын жымқырудың ауқымды схемасын ұйымдастырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған.

Кейін пәтерлердің бір бөлігі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үйлердің құрылысы ретінде Астана қаласының әкімдігі араласуымен аяқталған.

Ол жазасын өтеп, бостандыққа шыққан соң да қылмыстық әрекеттерін ары қарай жалғастыра берген. А.Байжұманов жаңа заңсыз схема әзірлеген. Бұл схема «өткен күнмен рәсімделген» жалған құжаттарды пайдалану арқылы пәтерлерді заңсыз иемденуге бағытталған.
🔴Нәтижесінде 80-нен астам «жалған үлескер» жәбірленуші деп танылып, уәкілетті ұйымнан 170 жылжымайтын мүлік нысанына заңсыз құқық алған.
Пәтерлерді өтеусіз алғаннан кейін Байжұманов пен оның сыбайластары оларды үшінші тұлғаларға сатуды жоспарлаған.
📍Осылайша жалпы құны 2,3 млрд теңгеден асатын пәтерлерді заңсыз иемдену әрекетінің жолы кесілді, делінген ҚМА агенттігі берген ақпаратта. 
👨‍⚖️

Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Тергеу жалғасуда.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика