Президент елордадағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кешенмен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада ашылған Инклюзивті спорт орталығының қызметімен танысты, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Орталықта спорттың 12 бейімделген түрінен жаттығу жүргізіледі.🟦Бұл еліміздегі мүгедектігі бар адамдарға арналған спорттық, медициналық, оңалту және білім беру инфрақұрылымын біріктірген алғашқы кешен.

🟦

Астанада мүмкіндігі шектеулі 42 мыңға жуық азамат тұрады. Олардың басым көпшілігі – балалар, жастар мен еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Олар орталықта спортпен тұрақты түрде шұғылданып, оңалту курсынан өте алады. Осылайша, әлеуметтік ортаға бой үйретеді.🟦Мекемеде көп функционалды спорт залы, реабилитация блогы, 15 медициналық кабинет, конференц-зал, сондай-ақ алты бөлмелі қонақ үй секторы қарастырылған. Мұнда оқу-жаттығу жиыны, жарыстар мен білім беру бағдарламалары кезінде параспортшылар жайғасады, делінген дереккөз таратқан ақпаратта.
🟦🟦

Сонымен қатар спорт және білім салаларында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін маман даярлауға айрықша мән беріледі.

Фото: Ақордадан.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика