Бүгін түнде Еңбекшіқазақ және Іле аудандарының жабық жол учаскелерінде боран мен шектеулі көріну жағдайында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған азаматтарды эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі жазды
Еңбекшіқазақ ауданында Космос – Базаркелді, Қырбалтабай – Ақжал және Бөлек – БАК автожолы бағыттарында ТЖМ құтқарушылары 45 адамды, сонымен қатар 20 жеңіл көлікті және 1 жүк көлігін эвакуациялады. Іле ауданында Қонаев – Құрты тас жолында қар құрсауында қалған 43 адам (соның ішінде 1 бала) және 20 жеңіл автокөлік құтқарылды,-делінген хабарламада.
Барлық азаматтар қауіпсіз жерге жеткізілді.
